2026 жылғы 27-28 ақпанда Жоспарлау-экономикалық бөлімінің (ЖЭБ) қызметкерлері «Жер қойнауын пайдалануға байланысты қаржылық есептілікті жасау бойынша практикалық курс» семинарына қатысты.
«Мен үшін практикалық жағдайларды талдау айрықша бағалы болды. Оның барысында көптеген қатысушылар өз жұмысында жиі ұшырасатын кейстер талқыланды. Жалпы алғанда, семинардың нақты талаптар мен тәжірибеге басымдық беріп, барынша қолданбалы форматта өткені ұнады», – деді ЖЭБ басшысы Елена Белашова. Ол сондай-ақ спикерлердің жоғары кәсіби деңгейін, түсіндірмелердің нақтылығы мен материалдардың қолжетімді болғанын ерекше атап өтті.