Пресс-центр

Жұмысшылардың жайлылығы үшін

KZ
«Астана» бақылау-өткізу пунктінде (БӨП) аумақты абаттандыру жұмыстарынан соң айтарлықтай оң өзгерістер байқалады. Мұнда жұмысшылар үшін күту бөлмесі мен санитарлық тораппен жабдықталған қосымша контейнер орнатылды. Сондай-ақ, бақылау-өткізу пунктінде транспорттық алаңды кеңейтудің арқасында жалпыға ортақ автожолмен еркін жүру мүмкіндігі туындады.

Абаттандыру аясында «Астана» БӨП-нен кеңсе мен вахта қыстағының асханасына апаратын жолға тас кеспекшелер төсеу жұмыстары аяқталды. Жаңарған жол төңірекпен жақсы үйлесім тауып, сәнін кіргізіп тұр.

Жаңарту жұмыстары жұмыс орнындағы қауіпсіздікті арттырып, жұмысшылардың вахтадағы өмірін жайлырақ етеді.