Пресс-центр

Геолог күні құтты болсын!

KZ
Құрметті «AltynEx Company» АҚ геологтары!

Кәсіби мереке – Геолог күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – шеберлік пен табандылықтың белгісі. Ол кен қорының өсімі, сәйкесінше кеніш болашағы үшін аса маңызды. Сіздердің кәсіпке адалдықтарыңыз бен күш-жігеріңіздің арқасында «AltynEx Company» АҚ компаниясы және бүкіл тау-кен саласы алға қарай қарқынды дамып келеді.

Сіздер үшін әрбір күн жаңа жетістіктер мен жаңалықтарға толы болсын! Мықты денсаулық, таусылмас табыс пен қажыр-қайрат тілейміз! Әрбір жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, шаңырақтарыңызға шаттық ұяласын!