Біздің мамандарымыз өндірісте озық тәжірибелерді енгізу үшін өз біліктілігін үнемі арттырып отырады. Сәуірде «AltynEx Company» АҚ-ның бас геологы Шайыахмет Тәңірберген «Минералдық ресурстарды бағалау» курсы бойынша оқудан өтті. Бағдарлама аясында ол заманауи геологияның негізгі аспектілерін: минералдануды және кондицияларды интерпретациялау, каркастық модельдеу мен деректерді іріктеу, сондай-ақ ресурстарды жіктеу және есептілік дайындауды терең меңгерді.
Оқуда алған білім мен практикалық дағдылар жұмыста озық тәсілдерді қолдануға және ресурстарды бағалау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.