Пресс-центр

«ALTYNEX COMPANY» балаларға жаңа жылдық сыйлықтар береді

KZ
Дәстүр бойынша, жаңа жыл қарсаңында «AltynEx Company» АҚ балаларға сыйлықтар береді.

Биылғы жылы 130 Алтынды оқушылары және «Балапан» балабақшасының 70 тәрбиеленушісімен қатар, Ембі (Жем) қаласындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 бала жаңа жылдық сыйлық алды. Жобаның демеушілік көмек мөлшері 909 500 теңгені құрады.


«AltynEx Company» АҚ қызметкерлері тәттілер салынған пакеттерді жеке тапсыру үшін балаларға арнайы барып, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.