«AltynEx Company» АҚ кенішінің ұжымы Бас энергетик бөлімінің қазандық операторы Қайрат Сұлтанұлы Бұзаубаевты ізгі жүрекжарды тілектерін арнайы отырып, құрметті демалысқа шығарып салды.
Қайрат Сұлтанұлы командаға 2020 жылы қосылып, осы жылдар ішінде өзінің жауапты, адал әрі сенімді қызметкер екенін дәлелдеді.
Бүгін Қайрат Сұлтанұлы зейнет демалысына шығарда әріптестері оған еңбегі, кәсіби шеберлігі, өз ісіне адалдығы мен ортақ іске қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтты.