Пресс-центр

Компания қызметкерлерін марапаттау

KZ
Биылғы 7 маусымда V Қазақстан алтын өнеркәсібі форумының аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ведомстволық наградаларымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жұмыстағы үздік көрсеткіштері мен кәсіби жетістіктері үшін «AltynEx Company» АҚ үш жұмысшысы: бұрғылау қондырғысының машинисі Бахытжан Тәжібеков; ЖТУ шамадан тыс ірі жыныстарды ұсақтау қондырғысының машинисі Андрей Борзенко; жерасты тау учаскесінің 5-разрядты кеншісі Әліби Нұржанов наградаға ие болды. III дәрежелі «Кенші Даңқы» төсбелгісін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ш.С. Бұқтұғұтов, ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі О.С. Сапарбеков және Бағалы металдар қауымдастығының атқарушы директоры Г.Т. Сағиев табыстады.

Алтын өнеркәсібі форумы – саланың Орталық Азиядағы ірі оқиғасы Astana Mining & Metallurgy (AMM) халықаралық тау-металлургиялық конгресінің бір бөлігі болып табылады. Биыл оған 20 елден 1280 делегат қатысты. Біздің қызметкерлер кеніш директоры И.В. Гостевскихпен бірге шараның панельдік отырыстарына қатысып, тау-металлургия саласының жетекші технологиялары мен қондырғылары, химиялық өнімдері, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікке арналған шешімдері, геологиялық зерттеулер, инжиниринг қызметтері мен инновациялық әзірлемелер қойылған экспозицияны тамашалады.