Пресс-центр

Конференцияға қатысу

KZ
"AltynEx Company" АҚ-нда тау-кен өнеркәсібіне арналған Micromine бағдарламалық шешімі қолданылады. Ол геологиялық барлаудан бастап, өндірісті жоспарлау мен басқаруға дейінгі өндірістік циклдің барлық сатысын қамтиды. Бағдарламалық өнімдерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу үшін біздің компанияның өкілі Ташкентте өткен 8-ші Micromine-2025 Орталық Азия конференциясына қатысты. Екі күн ішінде қатысушылар түрлі кейсті талқылап, геологтар, тау инженерлері, маркшейдерлер, қысқамерзімді және ұзақмерзімді жоспарлау бойынша мамандар күнделікті тап келетін міндеттердің шешімдерін қарастырды.

Станислав Чжен, Геологиялық бөлім мәліметтер базасының аға геологы:

- Конференцияға қатысудың арқасында мен 3D-модельдеу, құрылымдық талдау, мәліметтер базасымен жұмыс істеу бойынша жаңа дағдыларды үйрендім. Сондай-ақ, кәсіби байланыстарды күшейтіп, көптеген әріптес геологтармен таныстым.

Конференция бағдарламалық өнімдер туралы өзекті сұрақтарға Micromine техникалық мамандарынан тікелей жауап алуға мүмкіндік беретін тамаша алаңға айналды.