Пресс-центр

Қауіпсіз еңбекке арналған жеке қорғаныс заттары

KZ
Өндіріс адамын алыстан тану қиын емес: үстінде – арнаулы киім мен аяқ киім, оған қоса жеке қорғаныс заттары (ЖҚЗ) бар.

Мұның бәрі түрлі қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жұмысшы денсаулығына әсерін болдырмауға не азайтуға арналған. Механикалық, химиялық және электр әсерлерінен қорғану қажет. Сондай-ақ, арнаулы киім мен ЖҚЗ қолайсыз температура, биіктен құлау, вибрация, шу және осы секілді басқа да факторлардың әсерін жояды не азайтады. Мұндай факторлар өте ауыр жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан жеке қорғаныс заттарының сенімділігі аса маңызды.

«AltynEx Company» компаниясындағы барлық ЖҚЗ келісімшарт бойынша арнаулы зертханаларда міндетті сынақтан өтеді.

Кеніштің әкімшілік-тұрмыстық кешеніндегі монша-киім жуу бөлімінде арнаулы киімдер жөнделіп, профилактикалық өңдеуден өтеді. Уақытынан бұрын ескірген жағдайда жұмысшылар жаңа киім, аяқ киім не ЖҚЗ ала алады.

Жұмыста ЖҚЗ қолдану – өндірісте жарақат алудың тәуекелін төмендетуге арналған қауіпсіздік талабы.

Қауіпсіздік бәрінен маңызды!