Пресс-центр

Оң қорытынды

KZ
«AltynEx» компаниясы тау-металлургиялық кешен құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында дайындық жұмыстарын жалғастырады. Осыған орай маңызды хабарламамен бөліспекпіз. Биылғы тамызда мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың «Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында «Юбилейное» кен орнында қуаттылығы жылына 5 млн тонна кен болатын «AltynEx» ТМК инфрақұрылымы нысандарының кешені» Жұмыс жобасына оң қорытындысы алынды. Жоғарыда аталған кешенге болашақ тау-металлургиялық комбинаттың қызметін қамтамасыз ететін нысандар, атап айтқанда тау және арнаулы техника үшін жөндеу-механикалық цехі; әкімшілік-тұрмыстық корпустар, АШФ үшін таза су жинайтын тоған; қойма орындары, оның ішінде АШФ үшін реагенттердің базистік қоймалары; ЖЖМ қоймасы бар ЖҚБ; газ қазандығы; өрт сөндіру депосы; су дайындау станциясы; өрт сөндіру сорғылары мен КСС, сондай-ақ қосалқы мақсаттағы түрлі нысандар мен алаңдар кіреді.