«AltynEx Company» АҚ кенішіндегі +100 м көкжиекте «Тау массасының опырылуы» тақырыбында оқу жаттығуы болды. Оқу барысында тау массасы опырылған жағдайда әрекет ету алгоритмдері, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құтқару шараларын жедел ұйымдастыру үшін бөлімшелер арасындағы өзара әрекет ету тәртібі пысықталды. Жаттығуға апаттық-құтқару қызметінің, азаматтық қорғаныс құрылымдық нысандарының өкілдері және «AltynEx Company» АҚ жұмысшылары қатысты.
Оқу-жаттығу персоналдың штаттан тыс жағдайларға дайындығын бағалауға, практикалық дағдыларды пысықтап, өндірістегі қауіпсіздік деңгейін көтеруге мүмкіндік берді. Біздің жұмыста басты басымдық әрбір жұмысшының өмірі мен денсаулығына беріледі», – деді ҚжЕҚ бөлімінің бастығы Айбек Асқарбайұлы Абдуллин жаттығу жөнінде.
«AltynEx Company» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау мәселелеріне және қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығына ерекше мән беруді жалғастырады.