Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай, «AltynEx Company» АҚ кенішінде ҚОҚ бөлімінің ұйымдастыруымен алғашқы интеллектуалды ойын өтті. ИТЖ қатарынан құралған төрт команда түрлі бағыт бойынша айтып жеткізу қиын азарт, драйв және күтпеген жағдайларға толы атмосфера аясында сайысты. Ол бағыттардың қатарында кино, музыка, география, тарих, интернет, технология болды.
ҚОҚ бөлімінің инженер-экологы Кеулімжаева Г.Б.:- Біз сіздерге жақсы көңіл-күй сыйлап, командалық рухты сезінуге мүмкіндік бердік деп үміттенеміз! Компания басшылығына қаржылай қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс айтамыз. Сіздердің арқаңызда шарамыз жоғары деңгейде өтті. Сайысқа қатысқан барша әріптеске алғыс білдіреміз. Жұмыста сәттілік серік болып, жаңа интеллектуалды жеңістерге жете беріңіздер!