Пресс-центр

Кайдзен көмекке келеді

KZ
Мамырдың соңында кеніштің екі вахтасының жұмысшылары үшін «Үнемді өндіріс негіздері. «Экономика» модулі» тақырыбында оқу шарасы ұйымдастырылды. Жоспарлау-экономика бөлімі семинарды бөлім басшысы Елена Владимировна Белашованың жетекшілігімен әзірлеп, өткізді. Оқу сабақтары кәсіпорын аумағында болды.

Семинарға кеніш директоры, бас инженері, бөлім және учаске басшыларының орынбасарлары, учаске және бөлім басшылары, мамандар мен жетекші мамандар қатысты.

Бағдарлама аясында келесі тақырыптар қозғалды:

– Үнемді өндіріс қағидалары және өнеркәсіптік кәсіпорындар жағдайындағы Кайдзен;

– Экономикалық талдау негіздері және қаржылық есептілік түрлері;

– «Практикалық экономика» блогы.

Әсіресе, жауапкершілік орталықтарының шығыстар сметасына, оларды қалыптастыру және талдау қағидаларына ерекше көңіл бөлінді.

Оқу шарасы белсенді диалог форматында өткізіліп, кәсіпорынның ағымдағы қызметінен алынған мысалдар талқыланды. Қатысушылар алған білім өндірістік және басқарушылық процестердің тиімділігін әрі қарай арттыруға берік негіз болады.