Пресс-центр

Чернобыль мүгедектеріне көмек

KZ
«AltynEx Company» АҚ компаниясына «Ақтөбе облысындағы Чернобыль мүгедектері» қоғамдық бірлестігі хат жазды. Хатта Чернобыль АЭС-нда болған техногендік апатқа 2024 жылғы 26 сәуірде 38 жыл толатыны жазылған. Апаттың салдарын жоюға Ақтөбе облысынан 2000 адам қатысса, басым бөлігі айықпас дертке шалдықты, олардың көбі қазір бұл дүниеде жоқ. Қазір Ақтөбеде Чернобыль апатының салдарымен күрескен 180 адам бар. Олардың 90 пайызы радиациялық аймаққа барып келгеннен соң мүгедек болып қалған. Осыған байланысты қоғамдық белсенділер қайғылы дата қарсаңында оларға көмек көрсетуді ұсынды. Біздің компания құрбандарды еске алу асы мен ескерткішке гүл қойып, қаралы митинг ұйымдастыру шараларына 300 мың теңге бөлді.

Чернобыльде апат салдарын жойған ерлердің арқасында бұрынғы Одақ елдерінің миллиондаған тұрғыны аман қалды. Олар өз денсаулығы мен өмірін құрбан ете отырып, радиацияның одан әрі таралуына тосқауыл қоя білді.