Пресс-центр

ТМК жобасы

KZ
Қуаттылығы жылына 5 млн тонна руданы қайта өңдеуге тең «AltynEx» тау-металлургиялық комбинатын салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру аясында биылғы қаңтарда Алтын шығару фабрикасы мен Қалдық қоймасы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы өнеркәсіптік қауіпсіздік тұрғысынан «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен мақұлданды.