Пресс-центр

Еңбек нарығындағы трендтер

KZ
Өткен аптада «AltynEx Company» АҚ Персоналды басқару жөніндегі директоры Абзал Ниязов Antal Kazakhstan компаниясының еңбек нарығын зерттеу мен 2025-2026 жылдардағы еңбекақыға шолу бойынша презентациясына қатысты.

Шара аясында еңбек нарығына жасалған жаңа зерттеудің нәтижелері таныстырылды. HR қауымдастық тұрғысынан соңғы 2-3 жылдағы еңбек нарығының трендтері талқылаудың негізгі тақырыбына айналды. Бұл ретте технологиялардың ықпалы ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Сауалнамаға қатысқан компаниялардың 60 пайыздан астамы мәліметтерді талдау, HR процестерді автоматтандыру, клиенттермен өзара қызмет үшін жасанды интеллект құралдарын қазірдің өзінде қолданады. Бұл цифрландыру еңбек нарығын қалай өзгертіп жатқанынан хабар береді. 2025 жыл, сондай-ақ, жас мамандардың құндылықтары мен жұмыс берушілердің әдеттегі күтетін нәтижелерінің арасындағы айырмашылық үлкейіп бара жатқанын көрсетті. Контрофферлер, жұмысқа шығудан бас тартулар, икемділік пен теңгерімділік – компаниялар жұмыс істеп үйренуі қажет жаңа трендтерге айналды.

«Жас мамандарды тарту және ұстап қалу, расымен де, HR кәсіпқойлары үшін ең маңызды және өзекті мәселеге айналып отыр. Сонымен қатар, біз жастардың қалауына қарай басқарушылық тәсілдерді де бірте-бірте өзгертудеміз», – деді Абзал Ниязов.

Шара тәжірибе алмасу, болашақ еңбек нарығына жаңа идеялар мен көзқарастар қалыптастыруға лайық тамаша алаңға айналды. Antal Kazakhstan компаниясына шақырғаны мен шабыт берген талқылау үшін алғыс айтамыз!