2026 жылы Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат аясында, сондай-ақ бұл трендтің өндірістік кәсіпорындар үшін өзектілігін ескере отырып, «AltynEx Company» АҚ EY Бизнес академиясымен бірге «Жасанды интеллект: бизнеске арналған шешімдердің толық спектрі» корпоративтік оқуын ұйымдастырды. Курс барысында қатысушылар басқарушылық, өндірістік және техникалық тәжірибеден алынған нақты міндеттер негізінде промпт-инжиниринг дағдыларын меңгерді. Одан бөлек, жұмыс процестерін оңтайландыру мен тиімділігін арттырудағы, есептілікті автоматтандырудағы, талдау және күнделікті басқа да міндеттерді орындаудағы жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен оған қажетті дағдылар талқыланды. Оқуға қатысқандардың айтуынша, мұндай білімге деген сұраныс өте жоғары, себебі жаңа технологиялар бизнес саласы бағыттарының бәріне де белсенді еніп жатыр. Олар EY Бизнес академиясының бағдарламасына жоғары баға беріп, оның барынша тәжірибеге бағытталған әрі пайдалы семинар екенін, сондай-ақ, оқудың салалық ерекшеліктерді ескере отырып, негізгі технологияларды түсінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.