Пресс-центр

Біз – бір үлкен отбасымыз

2025-08-27 14:35 KZ
«AltynEx Company» АҚ ұжымы – еліміздің әр түкпірінен жиналған, түрлі тәжірибе мен білімге ие кәсіби мамандардың үлкен командасы. Қазіргі таңда бізде 660 маман еңбек етсе, олардың көбі кеніште вахталық тәсілмен жұмыс істейді.

Бұл ретте компания жергілікті кадрды тарту стратегиясын ұстанады: Ақтөбе облысының жұмысшылары ұжымның 71%-ын құрайды. Олардың ішінде 18%-ы Алтынды және Қайыңды ауылдарының, 47%-ы Мұғалжар ауданының тұрғындары. Мұндай тәсіл жаңа жұмыс орындарын құрып және өңір экономикасын дамытып қана қоймай, жергілікті дәстүрлер мен ерекшеліктермен жақсы таныс команданы қалыптастыруға да негіз қалайды.

Ұжымның тағы бір ерекшелігі – ұрпақтар сабақтастығы жақсы жолға қойылған. Біздің әріптестер арасында 24 еңбек әулеті бар! Әке мен баласы, ана мен қызы, ағайындылар, ерлі-зайыптылар – олар бірге жұмыс істеп қана қоймай, өз білімін, тәжірибесі мен біздің корпоративтік мәдениетімізді құрайтын құндылықтарды келесі буынға қалдырады. Бұл жауапкершілік сезімін күшейтіп, сенім атмосферасын қалыптастырады және біздің командамызды шын мәнінде мықты ете түседі.