Пресс-центр

Биіктіктегі қауіпсіз жұмыс

KZ
Қауіпсіз еңбек – «AltynEx Company» АҚ компаниясындағы ең негізгі басымдық. Қауіпсіздік аптасы аясында биылғы 25 сәуірде қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында биіктікте жұмыс істеу бойынша демонстрациялық семинар өткізілді. Оған шақырылған тренерлер оқыту барысында биіктікте жұмыс істеу кезінде қолданылатын сақтандыру жүйесінің үлгілері мен анкер нүктелерін көрсетті, сондай-ақ қызмет көрсету және жарамсыздары іріктеу тәртібін, құлау тәуекелін төмендету тәсілдерін және жабдықтарды дұрыс таңдау жолдарын үйретті. Кеніштің өнеркәсіптік алаңының аумағында жұмысшылар биіктікте жұмыс істеу шараларын орындап, нақты практикалық дағдыларды игерді. Семинар қатысушыларының айтуынша, олар қауіпсіздіктің негізгі қағидалары, жабдықтар мен қорғаныс заттарын пайдалану, штаттан тыс жағдайлар кезінде эвакуация және құтқару шараларын орындау ережелерін меңгеріп, жабдықтарды тұрақты тексеру және күтіп-баптау тәсілдерін үйренді.

Біздің ұранымыз: «Адам факторы – қауіпсіз еңбектің негізгі факторы»!