«AltynEx Company» АҚ қуаттылығы жылына 5 млн тонна кенді құрайтын «AltynEx» тау-металлургиялық кешенінің құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру аясында алтын алу фабрикасын (ААФ) және Қалдық қоймасын салу үшін жобалық жұмыстарды аяқтап жатыр. Оның барысында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы «Юбилейное» кен орнында қажетті инфрақұрылым жасақталады. Мемлекеттік сараптама аясында жобалық-сметалық құжаттардың толық жинақталуын тексеру кезеңі сәтті өтіп, биылғы 23 ақпаннан бастап сараптама жасау және қабылданған жобалық шешімдерді тексеру кезеңіне аяқ басты. ҚР заңнамасы аясында белгіленген нормативтерге сәйкес, жоба сараптамасы 45 жұмыс күніне созылады, ал қорытындысын шығарудың жоспарлы мерзімі 2024 жылғы 2 мамырға белгіленген.