Пресс-центр

Республика күніне арналған экоакция

2025-10-26 10:41 KZ
25 қазан, Республика күні біз өлкемізді біршама көгалдандыра түстік.Вахталық қалашық аумағында, СТЗ, Орталық қойма, АТУ, Жерасты өздігінен жүретін техниканы жөндеу және қызмет көрсету учаскесі, әкімшілік-тұрмыстық кешен маңында, сондай-ақ кеніш пен Ауыстырып-тиеу базасының аумағында шие мен шетеннің ондаған көшеті егілді.

Мұндай игі бастамалар табиғатты қорғауға, жайлы атмосфера қалыптастыруға және өңірдің экологиясына пайдалы үлес қосуға көмектеседі.