Пресс-центр

Біз футболды сүйеміз!

KZ
Футбол – «AltynEx Company» АҚ-ндағы ең сүйікті спорт түрі. Өткен сенбі күні алаңда ЖТУ (жерасты тау учаскесі), ТББ (техникалық бақылау бөлімі), СТЗ (сынақ-талдау зертханасы), БЭБ (бас энергетик бөлімі), АТБ (автотранспорт басқармасы) және Алтынды кеңсесі футболшылары кездесті.

Турнир үздігі – ЖТУ жұмысшылары болса, «күміс» ТББ еншісінде, ал «қола» СТЗ командасына бұйырды. «Үздік ойыншы» номинациясында Әлімжан Әділжан жеңімпаз атанып, «Үздік қақпашы» атағын Алтынбеков Айсұлтан иеленді! Жеңімпаздардың бәрі компанияның ақшалай сыйлықтарына ие болды.