Кеніш оқпаны бүкіл «AltynEx Company» АҚ кенішінің жүрегі саналады. Оның конструкцияларын жоспарлы жөндеу – әрқашан маңызды оқиға, өйткені оның арматура жүйесінің сенімділігі мен қондырғыларының дұрыс жұмыс істеуі өндірістік көрсеткіштердің орындалуына ғана емес, сонымен бірге адамдар қауіпсіздігіне де кепілдік береді. Биылғы тамызда Бас механик бөлімі Оқпанды жөндеу және қызмет көрсету учаскесінің жұмысшылары «Капитальная» кенішінде жұмыстар кешенін жүргізді. Бір ай ішінде оқпанның арматуралы конструкциялары ауыстырылып, ату арқалықтары және рельсті өткізгіштер жаңартылды, «0» белгісінде скипті түсіру торабына және түсіру қисықтарына жөндеу жүргізілді, сондай-ақ тізбектер, паллеттер және жетекші жұлдызшалар ауыстырылып, П-804 пластиналы тасымалдағыш жөнделді. +10 метр горизонтта жаңа футервкалық табақтар мен колосты торлар орнатылып, тасымалдағыш бункеріне жөндеу жүргізілді. Бұл жұмыстар оқпанның клетті бөлімі бойынша тежегіш арқандарын ауыстыру шараларымен аяқталды. Бұл адамдардың клетпен мініп-түсу кезіндегі қауіпсіздігін арттырады. Сондай-ақ, коммуникациялық жабдықтар да ретке келтіріліп, дауыс зорайтқыш байланыс жүйесінің өткізгіштері мен кеніштің клетті дабыл жүйесі жаңартылды.
Нұрболат Садықов, "AltynEx Company" АҚ бас механигі:
- Жұмыстардың бәрі механиктердің, энергетиктердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мамандардың үйлесіп жұмыс істеуін қажет етті. Жұмысшылардың ұйымшылдығының арқасында жөндеу өз мерзімінде орындалды және бүгінде кеніш жоспарлы режимде тұрақты жұмыс істеп тұр.