Пресс-центр

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы

KZ
Құрметті әріптестер мен серіктестер!

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылды. Бұл біздің қоғамымыз өз дамуының жаңа әрі маңызды кезеңіне аяқ басып жатқанын білдіреді.

Бүгінде біз қоғамымыздың алдағы жылдарда дамуының бағыты мен құндылық негіздерін айқындайтын жаңа Конституцияның, мемлекетіміздің негізгі заңының жобасын зерттеп танысып жатырмыз. Біз Конституцияны жаңарту мемлекеттік институттарды күшейтуге, әділеттілік, ашықтық және жауапкершілік қағидаларын дамытуға бағытталғанын көріп отырмыз. Бұл өзгерістер басқарудың заманауи да тұрақты жүйесін құра отырып, еліміздің алға жылжуға деген ұмтылысын айшықтайды.

Бизнес пен экономика үшін конституциялық қайта құрулар айрықша маңызға ие. Мықты да түсінікті құқықтық институттар инвестициялар, кәсіпкерліктің дамуы және ұзақмерзімді жоспарлау үшін тұрақты ортаны қалыптастырады.

Мемлекеттілікті күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту қоғамның дамуы мен тұрақты экономикалық өсудің негізін қалайды.

«Altynex Company» АҚ құқықтық мемлекетті, ашық диалог пен қоғам, мемлекет және бизнес арасындағы өзара конструктивті байланысты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайды. Біз еліміздің конституциялық негіздерін жетілдіру экономиканы жаңғыртуға, инновацияларды енгізуге және қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға қосымша мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз.

Күш біріктіріп, жауапкершілік танытудың, еліміздің дамуына белсенді қатысудың әсіресе қазіргі таңда маңызы айрықша. Мемлекет, бизнес және қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана біз Қазақстанның тұрақты болашағын қамтамасыз ете аламыз.

«Altynex Company» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Абай Рашитұлы Сәрсенов.