Биылғы 5 сәуірде Ақтөбе облысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Жиынға бизнес қауымдастық өкілдері де қатысты. «AltynEx Company» АҚ өңірлік директоры Е.Г. Токжанов біздің компаниямыз тарапынан көрсетілген көмек туралы баяндады: көктемгі су тасқынының салдарын жою үшін Мұғалжар ауданына арнайы техника жеткізіліп, жол жабыны мен көпірге инертті материалдар себу жұмысы орындалды. Сондай-ақ, «AltynEx Company» АҚ Ақтөбенің «Парыз» қоғамдық қорының есепшотына 150 млн теңге мөлшерінде көмек қаражатын аударды.