«AltynEx Company» АҚ кенішінде газ қазандықтары операторлары мен газ шаруашылығына жауапты тұлғаларға арналған оқу мен білім тексеру шарасы өтті.
Оқу аясында мамандар газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, техникалық қызмет көрсету және газ ауаға таралған не өзге де апатты жағдайларда дұрыс әрекет ету бойынша білімін жаңғыртты.
Оқу курсынан кейін персоналдың өз міндеттерін қауіпсіз әрі жауапкершілікпен атқаруға дайындығын растайтын білім тексеру шарасы болды.