Өткен демалыс күндері Ақтөбеде жыл сайынғы игі дәстүрге айналған марафон өтті. Биыл спорт мерекесіне 1300 адам қатысты. Олар үш: 3 км, 10 км және жартылай марафон – 21 км қашықтықта жарысты.
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет те өзге қатысушылармен жарыс жолына шықты. Жүгіру аяқталған соң ол ақтөбеліктерді Қала күнімен құттықтап, барша қатысушыларға бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Марафоншылар арасында біздің әріптесіміз де болды.
🎤Нұрлан Бимашов, «AltynEx Company» АҚ қауіпсіздік қызметінің басшысы:
– Бұл – менің 10 км қашықтықтағы қалалық жарысқа бесінші мәрте қатысуым. Жеңіл атлетикамен 15 жылдан бері айналысамын. Тіпті, Қазақстанның басқа қалаларында өтіп жатса да, мұндай шараларды жіберіп алмауға тырысамын. Марафон жүгіру физикалық күшпен қатар, шыдамдылықты, мінезді, ынтаны және ең бастысы тәртіпті қажет етеді.