Пресс-центр

Біздің жеңімпаздар

KZ
Сәуірдің соңында «AltynEx Company» АҚ ҚжЕҚ бөлімінің бастығы А.А. Абдуллиннің төрағалығымен комиссия қауіпсіздік апталығының қорытындысын шығарды. Шаралар 2024 жылғы 22-30 сәуір аралығында «Адам факторы – қауіпсіз еңбектің негізгі факторы» ұранымен өткен болатын. Стенд, қабырға газеті және плакаттарды стандарттан тыс әзірлеу жолымен үгіт-насихат жүргізу байқауында жүлделі орындарға келесі бөлімшелер ие болды:

1-орын – Жерасты тау учаскесі

2-орын – Геологиялық бөлім

3-орын – Бас энергетик бөлімі

4-орын – Бас энергетик бөлімінің ОЖҚУ

«AltynEx Company» АҚ жыл сайын қызметкерлердің балалары арасында өндірістегі еңбекті қорғау тақырыбына арналған балалардың сурет байқауын ұйымдастырады. Үздік тақырыптық жұмыстардың авторы болып Мәдина Еламан (1-орын), Шыңғыс Батырханов (2-орын) және Батырхан Дарбаев (3-орын) атанды.

Сондай-ақ, ҚжЕҚ сақтау туралы әуесқой фото және видео байқауының жеңімпаздары да өздерінің шығармашылық шеберліктерін паш етті:

1-орын – Сынақ-талдау зертханасы (СТЗ)

2-орын – Геологиялық бөлім

3-орын – Аялдау базасы

ҚжЕҚ ережелері мен қағидаларын білу бойынша викторинада СТЗ және жөндеу-құрылыс учаскесінің командасы үздік шықты.

«AltynEx Company» АҚ ҚжЕҚ бөлімінің атынан барлық қатысушыларға ризашылық білдіріп, жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Біз қауіпсіз еңбекті қолдаймыз!