Пресс-центр

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңындағы сенбілік

KZ
Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан «AltynEx Company» АҚ құндылықтары өңірге көмек көрсетуді, оның экологиялық және әлеуметтік әл-ауқаты үшін жағдай жасауды көздейді. «AltynEx Company» АҚ қызметкерлері Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Алтынды ауылының аумағында өткізген сенбілік компанияның әлеуметтік істер тізіміндегі кезекті жобасы болды.

Экологиялық сенбілікті өткізу нәтижесінде ауыл аумағында 51 қап қоқыс жиналды ды, қалдықтар сол жерде бөлінді. Жинау аяқталғаннан кейін арнайы көлік барлық жиналған қоқыстарды КТҚ полигонына шығарды. «AltynEx Company»АҚ қызметкерлері аумақтарды тазалаудан басқа, Алтынды ауылындағы ағаштарды әктеп, су айдынын тазалап, жаңа жасыл желектерді отырғызғанын атап өту маңызды.

«Бұл сенбілік дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне және экологтар күніне орай ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты – келе жатқан ұрпақ үшін табиғатты сақтау, елді мекенді қоқыстан тазарту және экологиялық мәдениетті насихаттау болып табылады», – деді Динара Бисенбаева, «AltynEx Company» АҚ ҚОҚ бөлімінің бастығы. Ол, сонымен қатар, бизнесті табысты дамытудың маңызды факторларының бірі ретінде Компанияның әрқашан қоршаған ортаны қорғау мәселесіне назар аударатынын атап өтті.