Пресс-центр

Еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау

KZ
Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік «AltynEx Company» компаниясы қызметінің басым бағыты болып табылады. Өндірістік орта мен еңбек қауіпсіздігінің нақты жағдайын бағалау мақсатында 2023 жылғы тамызда компанияда өндірістік нысандарды еңбек жағдайларына аттестаттау шарасы жүргізілді. Сондай-ақ, биыл компания жұмыс ортасы, атмосфера және өндірістік факторлардың жағдайына құрал өлшемдерін қолдану арқылы өндірістік бақылау жасау бойынша келісімшарт жасасты.

Квартал сайынғы өндірістік бақылау қорытындысы бойынша қажет жағдайда жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар әзірленеді.