Пресс-центр

Балаларға жаңа жылдық сыйлықтар

KZ
Жаңа жыл – ғажайыптар мен сыйлықтар уақыты, оны балалар ерекше тағатсыздана күтеді. «AltynEx Company» компаниясы жаңа жылда барынша көп баланы қуанышқа бөлеу үшін мерекелік құттықтау шараларына 5 млн тенгеден астам қаражат бөлді.

Жұмысшылардың балаларының бәрі де сыйлық алса, одан бөлек компания Алтынды ауылындағы орта мектеп пен балабақшадағы өз қамқорлығындағы балаларды да ұмытқан жоқ. Тәтті толы қоржындардың тағы бір шоғыры Ембі қаласына жолданды. Әкімдіктің өтініші бойынша бұл сыйлықтар мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға табысталды.

Біз барша балаларға денсаулық, қуаныш және бақытты балалық шақ тілейміз!