Сәуірдің соңында «AltynEx Company» Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Шарада өңірдің жұмыс берушілері жас түлектермен кездесіп, оларды бос жұмыс орындарымен таныстырып, кәсіби қызметке тартты. Жәрмеңкедегі «AltynEx Company» өкілі кадрлық іс жүргізу маманы Қапиза Құттыбайқызы Айтешова болды. Ұйымдастырушыларға шақырғаны және қатысушылардың бәріне қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреміз.