Пресс-центр

Мектепке арналған кең ғимарат

KZ

Қыркүйек айында Алтынды ауылының 130 оқушысы "AltynEx Company" АҚ-ы мұрындық болу арқылы жалпы білім беретін орта мектебінің қажеттілігіне берілген кең ғимараттың партасына жайғасты.

2018 жылы Алтынды ауылы жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты апатты және балаларды оқытуға жарамсыз деп танылды. Жаңа мемлекеттік мектептің құрылысы бірнеше жыл бойы жалғасуда, бірақ бірнеше себептерге байланысты кешіктірілуде.

Сол жылы Қайыңды ауылдық округі әкімдігінің және Алтынды ауылының жергілікті тұрғындарының өтініші бойынша "AltynEx Company" АҚ басшылығы мектепке бұрын кәсіпорынның жас мамандарының тұруына арналған барлық жағдай жасалған ғимаратты бөлді.


2022 жылы Қайыңды ауылдық округінің әкімдігі "AltynEx Company" басшылығына соңғы төрт жылда ауылда оқушылар санының едәуір артуына байланысты мектепке неғұрлым кең үй-жай бөлу туралы өтінішпен қайта жүгінді. "AltynEx Company" АҚ жалпы ауданы 500 м2 ғимаратты мектеп мұқтажына ақысыз түрде беру туралы шешім қабылдады. «Кең ғимарат және тиісті жағдайларды қамтамасыз ету оқу барысы мен мектеп оқушыларының денсаулығы үшін маңызды. Біз жаңа мектеп құрылысы кезінде Алтынды ауылының балаларына қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті «AltynEx Company» АҚ басшылығы. Компания жүргізген қайта безендіруші және жөндеу жұмыстарынан кейін 130 оқушы барлық жағдайы бар үлкен ғимаратта оқуға кірісті.