Пресс-центр

Қауіпсіз еңбек балалар көзімен

KZ
Қауіпсіз еңбек тақырыбын жалғай келе, мына әдемі суреттермен бөліспекпіз. Оларды «AltynEx Company» қызметкерлерінің балалары Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне арналған байқау аясында салған. Балалар жолдаған 70 суреттің әрқайсы жұмысшыларға «Әке-шешемнің қауіпсіз еңбегі – менің бақытты болашағым», «Есіңде сақта, сені үйде жақындарың күтіп отыр», «Қауіпсіз болса, қандай жұмыс болмасын, жақсы» деген үндеулер тастайды. Арнайы құрылған комиссия жүлдегерлерді анықтады. Байқауға қатысқан балалардың бәрі де ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Ал олардың қолынан шыққан бұл туындылар әрдайым жұмысшыларға еңбек қауіпсіздігінің маңызын еске салып тұрары сөзсіз.