Пресс-центр

Кенішінде оқпанының сапасы— бірінші орында

2026-08-03 08:36 KZ
«AltynEx Company» АҚ кенішінде оқпанға жыл сайын жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды.

Жөндеу барысында кеніш құрылыстарының пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, болуы мүмкін апаттық жағдайлардың алдын алуға, жабдықтардың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ конструкциялық элементтердің қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған техникалық, инженерлік және ұйымдастырушылық іс-шаралар толықтай жүзеге асырылды.

Жұмыстарды орындау барысында мамандар сапаға, дәлдікке және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше мән берді.

Күрделі жөндеу жұмыстарының табысты аяқталуы – Бас механик бөлімі мамандарының үйлесімді әрі кәсіби еңбегінің, жоғары жауапкершілігінің, техникалық біліктілігінің және өндірістік процестің әр кезеңіне ұқыпты қарауының нәтижесі.