Өткен аптада «AltynEx Company» АҚ-нда өнеркәсіптік учаскелер, карьерлер және жолдарға арналған әмбебап сұйық шаң басу регаенттерін сынау жұмыстары аяқталды. Реагент таңдау кезінде тиімділік пен экологиялығы сынды сипаттамалар есепке алынады. Реагентті кеніште тест режимінде қолдану сынақ жүргізілетін жерде бөлінетін шаңның айтарлықтай азайтатынын көрсетті.
Реагент қалай жұмыс істейді? Сумен салыстырғанда, шаң басуға арналған химиялық заттар жер мен топырақ бетінде қатты қабат қалыптастырады, осылайша шаңның ауаға таралуына шектеу болады. Бұл тектес реагенттерді бүкіл әлемде қолданады және ол, экологтардың айтуынша, қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына қауіпсіз болып саналады.
«Біз қазақстандық өндіруші ұсынған соңғы буынды реагенттерді сынақтан өткіздік. Ол – табиғи минералды кешенді қоспалардың біртекті су ерітіндісі. Бұл реагент, Қазақстанның практик экологтары қауымдастығының қорытындысы бойынша, елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағында шаң басу үшін қолдануға жарайды. Өзі қауіпсіз өнім болғанына қоса, реагент өнеркәсіптік шаңның адам денсаулығына, қоршаған ортаға және техникаға әсерін төмендете алатынын атап өту керек. Ал бұл өндірісте қайғылы оқиғалардың болу тәуекелін төмендетіп, қондырғылар мен механизмдердің ескіруін баяулатады», - деді «AltynEx Company» АҚ ҚОБ басшысы Динара Бисембаева.
Сынақтар екі күн бойы орталық қоймадан кенішке дейінгі аралықтағы жолда жүргізіліп, оң нәтижесін берді. Мамандар жаңа буынды реагенттің бірқатар басымдықтарын атап өтіп, оны болашақта «AltynEx Company» АҚ өндірістік учаскелерінде шаң басу үшін қолдануды жоспарлап отыр.