Өткен жылғы мамырдан бері «AltynEx Company» АҚ кенішінде өнеркәсіптік учаскелер, карьерлер және жолдағы шаңды басу үшін әмбебап сұйық реагент қолданылады. Бұл реагент топырақ не құмның беткі қабатында қатты қабықша түзіп, ол шаңның ауаға көтерілуін болдырмайды. Реагенттерді таңдау кезінде «AltynEx Company» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау бөлімі олардың қоршаған орта мен жұмысшылардың денсаулығына қаншалықты қауіпсіз екенін басты назарға алды. Шаң деңгейінің төмендеуі аумақтың экологиялық қауіпсіздігін арттыруға және шаң-тозаңның қоршаған ортаға кері әсерін азайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, шаңның азаюы жолдың беткі жабынының бұзылуына жол бермей, ұзақ уақыт пайдаланылуына септігін тигізеді.
Ерекше атап өтер жайт, «AltynEx Company» компаниясы қазақстандық өндірушінің соңғы буындағы реагентін саналы түрде таңдады, бұл компанияның экологиялық жауапкершілікке және отандық өндірісті қолдауға бейіл екенін растайды. Биыл біздің компания шаңды басу құралдарын пайдалану көлемі бойынша тау-кен өндіру саласындағы үздік кәсіпорындардың біріне айналды.