Пресс-центр

Әлемдік стандарттарға сай жұмыс

KZ
Сынаманы әзірлеу кезінде қондырғының сапалы болуы жұмыс нәтижесінің жоғары деңгейіне кепілдік береді. «AltynEx Company» АҚ ТББ бөлімінде өткен жылдан бері жұмыс істеп тұрған екі жаңа ұсақтау қондырғысында сынама әзірлеу жұмыстары барлық халықаралық талаптарға сәйкес келеді. JC3000 және JC2000 зертханалық ұсақтағыш қондырғылар ұсақтау және ұнтақтау жұмыстары сапалы жүргізеді. Құрамында алтын бар кенге зертханалық сынақ жүргізу үшін фракция көлемі 0-170 мм болатын сынамалар таңдалып алынады да, олар 10-20 мм-ге дейін ұсақталады. Жұмыс процесін келесідей сипаттауға болады: бастапқы материал арнайы шұңқырлы ойық арқылы жылжымалы және жылжымайтын қоршаулы ұсақтау аумағына түседі де, ол жерде жаншу және ішінара қажау арқылы ұсақтау процесі жүзеге асады. Жұмыс барысында жылжымалы қоршау шайқау және ілгері-кейінді жылжу қозғалыстарын жасап, материалды қоршаулар арасындағы кеңістікке тартады. Ұсақталған материалы сынамажинағыш бөлікке түседі. Жаңа қондырғы пайдалануға берілгеннен кейін сынама әзірлеу жұмысының сапасы айтарлықтай артып, қауіпсіздік техникасының көрсеткіштері жақсарғанын айту маңызды. Барлық бақылаушылар мен ұсақтаушылар оқудан өтіп, оның ішінде қондырғымен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдерін меңгерді.

ҚжЕҚ ережелерін сақтай отырып сапалы жұмыс істеу «AltynEx Company» АҚ қызметінің басымдығы болып табылады.