Астанада екінші «Tech Mining Kazakhstan» халықаралық конференциясы өтіп, оған қатысқан «AltynExCompany» АҚ Жобаларды басқару тобының бас байытушысы Косов Александр Сергеевич «Классикалық үш сатылы ұсақтау схемасымен салыстырғанда роллер-прессті пайдалана отырып, үш сатылы ұсақтау схемасын қолданудың басымдықтарын «Юбилейное» кен орнындағы жобаның мысалында сипаттау» тақырыбында баяндама жасады.
Сөз барысында ол: «Алтын өндіру фабрикасын жобалау кезінде жетекші әлемдік өндірушілердің ең заманауи технологиялары мен қондырғылары қолданылды. Фабриканы салу кезінде ұсақтау саласындағы инновациялық шешім – Weir фирмасының роллер-пресстері пайдаланылды. Бұл шешім АӨФ энергия тұтыну көлемін азайтуға мүмкіндік беріп, ол СО2 шығарындыларын азайтады және нәтижесінде жобаның көміртек бейтараптығын арттыруға жол ашады», – деп атап өтті.
Заманауи технологияларды ендіру арқасында «Юбилейное» кен орнындағы жоба тек тиімді ғана емес, сонымен бірге экологиялық жоба болып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосады.