Қазіргі уақытта кеніште жайғастыру және адам мен транспорт іздеу жүйесін іске қосу-ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оның қолдану аясы – барлық қауіпті өндірістік нысандар, оның ішінде жерасты тау-кен қазбасы. Жайғастыру жүйесі +75 пен -295 (тереңдігі сәйкесінше 350 және 720 метр) көкжиектің тау-кен қазбасын қамтиды. Айта кету керек, жайғастыру жүйесінің базалық станциялар желісі үздіксіз Wi-Fi сигналын қамтамасыз етіп, ол шахтаға интернет сигналын беруге және мәтіндік/дыбыстық хабарламаларды және фото-видео материалдарды жедел жеткізу үшін Wi-Fi радио станцияларының жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жайғастыру жүйесі келесі міндеттерді орындауға арналған:
- жерасты тау-кен қазбасындағы қызметкерлер мен шахтаішілік техникалардың орнын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- шахта және апаттық-құтқару қызметтерінің орны жайлы ақпарат беру;
- нақты уақыт режимінде ақпарат, фото-видео мәліметтерді жедел жіберу;
- қызметкерлердің шахтада болу уақытының есебін және табельдік есепті жүргізу.
Жайғастыру жүйесін ендіру бойынша жоба аясында 165 базалық станция орнатылып, апаттық жағдайда диспетчерлік қызметпен кері байланысқа шығуға арналған S.O.S. түймесі бар шахтер жарықшамдарын жеткізу жүзеге асырылды.
Қолданыстағы жайғастыру жүйесі кеніште атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздігі мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.