Пресс-центр

«Мисс және Мистер қауіпсіздік» байқауы

2026-04-22 13:19 KZ
Кеніште «Мисс және Мистер қауіпсіздік» байқауы өтті. Байқауда ең үздік қызметкерлер бақ сынады. «Мистер қауіпсіздік» санатында қауіпсіздік қызметінің басшысы Нұрлан Бимашов, ТББ шебері Ратмир Абилев және СТЗ ұсақтаушысы Тимур Жакин өнер көрсетті. Ал «Мисс қауіпсіздік» атағына ТББ таразышысы Дариға Құрмашева мен СТЗ зертханашысы Бақытгүл Дүйсенова өз білімі мен креативтілігі арқылы таласты.

Байқау бағдарламасы жан жақты әрі мазмұнды болды. Шығармашылық тапсырма орындау кезеңінде қатысушылар бейнероликтерден бастап көріністер, өлеңдер мен әндер арқылы еңбекті қорғау тақырыбын жеке тәжірибесі, әзіл-қалжыңы және кәсіби мақтанышымен ашып көрсету арқылы түрлі форматта сынға түсті. Әсіресе, теориялық білімге және қатысушыларға жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) білу деңгейін көрсетуге мүмкіндік берген интерактивті тапсырмаға ерекше назар аударылды.

Байқау қорытындысында келесі үздік қызметкерлер жеңіске жетті: «Мистер қауіпсіздік» — Абилев Ратмир, ТББ шебері; «Мисс қауіпсіздік» — Дүйсенова Бақытгүл, СТЗ зертханашысы.

«Үздік сәлемдесу» номинациясында қауіпсіздік қызметінің басшысы Бимашов Нұрлан тамаша әрі есте қаларлық өнер көрсеткені үшін арнайы марапатқа ие болды.

Байқау қызметкерлердің басын қосып, «AltynEx Company» АҚ-нда қауіпсіздік мәдениетін нығайту жолындағы маңызды қадамға айналды.