Жаңа 2026-2027 оқу жылында Қазақстанда 380 мыңнан астам бала мектеп партасына алғаш рет отырды. Алтынды орта мектебінің бірінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін 1 қыркүйек – өмір бойы есте сақталатын ерекше Білім күні. Жыл сайын AltynEx Company өкілдері балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектепке қажет заттар салынған рюкзактарды сыйға тартады. Биыл ӘШБ және ПББ бөлімдерінің өкілдері нөлінші сыныптың 16 және бірінші сыныптың 21 оқушысына компания атынан сыйлықтар табыстады. Салтанатты шарада ҚжЕҚ бөлімінің бастығы Айбек Асқарбайұлы Абдуллин Білім күнімен құттықтап, оқушылардың бәріне үздік оқу мен терең білім тіледі.
Біз білімге салынған қаржы – болашаққа жасалған инвестиция екеніне сенеміз.