Пресс-центр

Бақытты балалық шақ

KZ
Балалық шақ – ең бақытты кезең және біз, ересек адамдар, балаларды қамқорлық пен мейірімге бөлеу үшін бар күшімізді саламыз. Балаларды қорғау күніне орай, Алтынды орта мектебінің төменгі сынып оқушылары мен «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушілері «AltynEx Company» компаниясынан тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар алды. Балалардың бал күлкісін көру біз үшін марапаттардың ең төресі! Сондай-ақ, компания жұмысшылары мектеп жанында жұмыс істейтін «Достық» лагеріне жеміс-жидек пен тәттілерді тарту етті.