Пресс-центр

Кеншілер күнімен!

KZ
Құрметті әріптестер!

«AltynEx Company» АҚ басшылығы атынан Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар. Бұл – өз ісіне шын берілген, батыл да мықты адамдардың мерекесі.

Сіздер күнделікті қажырлы еңбек арқылы ерлік, қайсарлық және кәсібилік танытып келесіздер. Кеншілер күнінде айрықша алғыс пен ізгі тілекті кәсіпорынның қалыптасып, дамуына көп жыл адал еңбек сіңірген біздің ардагерлерімізге арнаймыз.

Бәріңізге мықты денсаулық, қауіпсіз жұмыс, отбасылық бақыт пен байлық және алтын өндірісінде сәттілік пен жетістіктер тілейміз!