Пресс-центр

Қосымша медпункт ашылды

KZ
Кеніштің вахталық қыстағында кезекшілік алдында медициналық куәландыру және жедел медициналық көмек көрсету үшін қосымша медициналық пункт ашылды. Медпункттің қызметіне «AltynEx Company» кеңсесінің және әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың жұмысшылары да жүгіне алады. Жаңа қызмет өнеркәсіп алаңында орналасқан негізгі медпункттің жұмысын азайтып, кеніш пен мердігерлердің жұмысшыларына кезекшіліктер арасындағы үзіліс кезінде уақытылы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.