Пресс-центр

Халықаралық медбике күні құтты болсын!

KZ
12 мамырда Халықаралық медбике күні мерекеленеді. 2024 жылы Халықаралық медбикелер кеңесі бұл мерекені «Біздің медбикелер. Біздің болашағымыз. Қамқорлықтың экономикалық күші» ұраны аясында өткізуде. Шынымен де, емханалар мен ауруханалардағы ғана емес, сонымен қатар өндірістік учаскелердегі де медбикелердің ролі айрықша бағалы. «AltynEx Company» АҚ-ның ҚжЕҚ бөлімінде төрт фельдшер жұмыс істейді. Олар: Шапағат Сақтағанқызы Әбіләзимова, Ирина Ивановна Волкова, Нағима Қуандыққызы Нұрниязова, Гүлмира Тәжібайқызы Үмбеталиева. Бұл медқызметкерлер әрқашан көмекке келуге дайын. Олардың ерекшелігі де сол – адамдарға жәрдем етуге жаны құмар. Біздің фельдшерлер жұмысшыларды кезекшілік алды медициналық тексеруден кәсіби деңгейде өткізеді. Әрдайым мейірбан және ашық-жарқын.

Компанияның барша ұжымы атынан біздің қымбатты медқызметкерлерімізді мерекемен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасылық бақыт және қажымас қайрат тілейміз!