Өткен аптада Алматыда Digital Almaty-2024 цифрлық форумының аясында Digital Almaty Awards жыл сайынғы сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Сыйлық мұнай саласы, тау-кен өнеркәсібі, өнеркәсіптік инновациялар, әйелдердің индустриядағы көшбасшылығы, IT көшбасшылық, экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық жауапкершілік (ESG), сондай-ақ блокчейн технологияларды қамтитын жеті негізгі номинация бойынша беріледі.
«Female Industrial Leadership Award» номинациясында өнеркәсіп саласындағы көшбасшы әйелдердің үздік жетістіктері үшін «AltynEx Company» АҚ басқарма төрағасы Юлия Сергеевна Алимова жеңімпаз атанды. Салтанатты шарада компанияның «Юбилейное» кен орнын дамыту үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыратыны, оның ішінде жаңа технологияларды енгізу жолымен еңбек қауіпсіздігін арттыруға айрықша көңіл бөлінетіні атап өтілді. Еңбек қауіпсіздігі – компанияның ең маңызды даму бағыттарының бірі.
Үздік компаниялар, жобалар және түрлі қызмет салаларының көшбасшыларын марапаттау рәсімінде ЕАЭО елдері үкіметінің басшылары қатысты.