Кеше қазақстандық 360 мың оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылып, олар биыл бірінші рет мектеп партасына отырды. Олардың арасында Алтынды кентінің бірінші сынып оқушылары да бар. Оларға «AltynEx Company» АҚ жыл сайын айрықша көңіл бөледі. Салтанатты шарада Алтынды мектебінің оқушыларын кеніштің директоры Игорь Викторович Гостевских Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылын табысты да қызықты өткізуді тіледі. Сондай-ақ, мерекелік шарада бірінші сынып оқушылары компаниядан мектепке қажет құралдар салынған рюкзактарды сыйға алды.
Оқушылар мен ата-аналардың бәрін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Оқушылар мен ата-аналардың бәрін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!