Пресс-центр

Құзыреттерді арттырамыз

KZ
«AltynEx Company» компаниясында жұмыс орнында туындайтын даулар мен келіспеушіліктер Келісім комиссиясы арқылы шешіледі. Бұл комиссия 10 адамнан құралады: бесеуі жұмыс берушінің және бесеуі жұмысшылардың өкілі. Келісім комиссиясы дауларды реттеуде маңызды роль ойнайды. Сондықтан, комиссия мүшелері ҚР заңнамаларын тәжірибе жүзінде қолдануға қатысты арнайы білімге ие болуы тиіс.

Еңбек дауларын шешуде Келісім комиссиясының мүшелері арнайы құзыреттерге ие болуы үшін биылғы наурызда олар жыл сайынғы оқу шарасынан өтті. Онлайн сабақ барысында ҚР Еңбек кодексінің ережелері мен жаңа өзгерістер талқыланып, өзге компаниялардағы келісім комиссияларының жұмысынан мысалдар баяндалды. Сондай-ақ, ҚР Әлеуметтік кодексінің ережелері де сөз болды.

Тренингтен соң қатысушылардың бәрі тиісті сертификатқа ие болды. Бұл құжат олардың алған білімдерін «AltynEx Company» АҚ жұмыс берушілері мен жұмысшылары арасында жеке еңбек даулары туындаған жағдайда қолдануына негіз болады.