Пресс-центр

Білім күнінде сыйлықтармен

KZ
"AltynEx Company" АҚ атынан Алтынды жалпы білім беретін орта мектебінің бірінші сынып оқушыларына салтанатты түрде  оқу жабдықтары бар оқушы сөмкелері табысталды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алтынды ауылы шәкірттері "AltynEx Company" тарапынан назардан тыс қалмайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бірінші сынып оқушылары алтын өндіруші компанияның қызметкерлері дайындаған жабдықталған оқушы сөмкелерімен мектепке барады. Ағымдағы жылы осы демеушілік жобаға 400 мың теңге бөлінді.


"AltynEx Company" АҚ барша оқушыларды Білім күнімен құттықтай отыра, жаңа оқу жылының сәтті өтуін тілейді!